• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:50

Қайтарылған қаржыға – медициналық пункт

20 рет
көрсетілді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды.

Өңірдің Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеу­меттік нысан Мемлекет басшысы­ның ауылдық жерлердегі инфрақұ­ры­лымды дамыту жөніндегі тап­сыр­масын жүзеге асыру шеңбе­рінде елге қайтарылған заңсыз иел­енген активтер есебінен салынды.

Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған әрі заманауи құрал-жаб­дықтармен жарақтандырылған. Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру мен ем-шаралар кабинет­тері бар. Шұғыл жағдайларға жедел ден қою үшін мекемеге аудан­дық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген.

Шет ауданында ашылған меди­циналық пункт өңірде қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа меди­циналық пункттің құрылысы жүріп жатыр.

Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қара­жатқа жоспарланған 51 медици­налық мекеменің 24-і салынды. Оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасып жатыр. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр.

Жаңа медициналық нысандарды ашу бо­йынша жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабыл­дан­ған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы ая­сында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 655 жобаның 540-ы жүзеге асырылды.