• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Талдықорғанда вокзал мен тұрғын үйге бомба қойылғаны өтірік болып шықты

20 рет
көрсетілді

16 қыркүйекте Талдықорған қаласының жедел қызметтеріне теміржол вокзалы аумағына және Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш құрылғы қойылды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті нысандарға бірден полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет және арнайы бөлімшелер шыққан. Жүргізілген тексеріс барысында жарылғыш заттар да, күмәнді заттар да табылған жоқ.

Теміржол вокзалы мен тұрғын үй толықтай тексерілді. Қазіргі уақытта вокзал қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

— Терроризм актісі туралы жалған хабарлама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушының жеке басын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.