• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:02

Дінаралық келісім идеялары дәйекті дәріптеледі

10 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шылары съезі хатшы­лығы­ның басшысы Мәулен Әшімбаев Әлем­дік және дәс­­түрлі діндер көш­бас­шы­ларының VIII съезіне қа­­тысу үшін Қазақ­станға кел­г­ен Дүние­жүзілік ислам ли­га­­­сының Бас Хатшысы Шейх Мұхаммед Абдул­карим Әл-Исамен кездесті.

Мәулен Әшімбаев Мұхам­мед Абдулкарим Әл-Исаға ілти­пат білдіріп, лига­ның толерант­тылық, өзара құрмет және дін­аралық келісім идея­ларын дәріптеу жолындағы қызметіне, сондай-ақ ұзақ жыл бойы съездің мақсат­тары­на қол жеткізуге қосып келе жатқан үлесіне жоғары баға берді. Палата спикері ДИЛ Бас хатшысы бастамашы болған Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды көздейтін «Building Bridges between East and West» халықаралық платформасының маңызына назар аударып, оны іске асыруға қолдау білдірді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық­аралық қауіпсіздіктің берік жүйесін қалыптастыру мәсе­лелеріне үнемі баса мән беріп келеді. Осыған байланысты біз үшін Дүниежүзілік ислам лигасымен өзара іс-қимылды арттыру айрықша маңызға ие. Біздің байланыстарымыз кейінгі жылдары айтарлықтай жандана түсті. Қазіргі таңда Дүниежүзілік ислам лигасы мұсылман қауымының ынты­мағын нығайту, ортақ рухани құндылықтарды насихаттау және білім беру бағыттарында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Дүниежүзілік ислам лигасы арасындағы ынтымақтастық нығая түседі деп үміттенеміз», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезі хатшылығының басшысы мәртебелі мейман­ға съезге шақыруды қабыл ал­ғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Дү­ние­жүзілік ислам лигасы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшы­­лары съезінің мақсат­тары, миссия­сы және басым бағыт­тары ортақ әрі ұқсас екеніне назар аударды. Сұхбат кезінде дінге, нәсілге және сенімге қатыс­ты кемсітушіліктің барлық түрін айыптайтын Мекке дек­ларациясының маңызына да ерекше мән берілді. Құжат әлемді төзбеушілік пен жек­көрушілікке қарсы бірлесіп әрекет етуге үндейді.

Кездесу барысында тараптар қазіргі өзекті сын-қатерлерді талқылап, оларды еңсеру және басқа да бағыттар бойынша ынты­мақтастықты одан әрі нығайту жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Нақты айтқанда, ғылым, білім беру, цифрландыру және өзге де маңызды салаларда байланыс­ты кеңейтуге қатысты қол­даныстағы, сондай-ақ алдағы бірлескен жобалар туралы сөз болды.

Өз кезегінде Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Мұхаммед Абдулкарим Әл-Иса съезд хатшылығының басшы­сына шақыру үшін алғы­сын жеткізді. Сондай-ақ ол халық­аралық қауымдастық үшін мұн­дай форум өткізудің аса маңыз­ды және қазіргі ортақ проб­лема­лар­ды еңсеру жолында күш бірік­тірудің берері мол екенін айтты.