Естімеген елде көп. Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына жасанды интеллектіні тағайындады.
«Diella» деп аталатын ЖИ-бот енді жаңа құрылған Виртуалды мемлекеттік сатып алулар министрлігін басқарады. «Diella» сөзі албан тілінде «Күн» деген мағынаны білдіреді. Қаңтардан бері ол e-Albania порталында виртуалды көмекші ретінде жұмыс істеп келген. Енді оның құзыреті кеңейіп, мемлекеттік сатып алуларға жауапты министр дәрежесіне көтерілді. Жаңа орган сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді, барлық мемлекеттік тендерлерді толық ашық жүргізуді қадағалайды. Үкімет жоспарынша, тендер жеңімпаздарын анықтау үдерісі енді кезең-кезеңімен адамнан жасанды интеллектіге ауысатын көрінеді.