• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Ұлттық жобаны іске асыру барысы

20 рет
көрсетілді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ол қанатқақты жобаларды қаржыландыру, сатып алу тетігі, отандық өндірушілерді қолдау және «Smart Turmys» бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселелері бойынша есептерді тыңдады.

Қазірде аталған құжат аясында 48 қанатқақты жоба бекі­тілген. Биыл «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 қанатқақты жобаны іске қосуға 22,5 млрд теңге бөлінді. Бұл – «ҚТК» АҚ тарапынан әкімдік­тердің облигацияларын сатып алып, жылу, су, су тазарту және электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған алғашқы тәжірибе.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ қарауында жалпы құны 118,4 млрд теңгені құрайтын 8 жоба бар. Мем­лекеттік органдар отан­дық тауар өндірушілер мен табиғи монополия субъектілері арасында өзара іс-қимыл­ды ұйымдастырды. Отандық өндірушілердің тізілімі жасақталып жатыр. Өңірлер бойынша 669 EPC-мердігер және 2,2 трлн теңгенің 2,7 мың тауар позициясы айқындалды.

Офтейк келісімшарттар аясында өндірісті жолға қою үшін әлеуетті тауарлар тізімі жасалды. Тауар­ларға деген сұраныс Өнер­кәсіп және құрылыс министр­лігінің және «QazIndustry» АҚ-ның ресми сайттарында жарияланды.

Сонымен қатар Элект­рон­дық сатып алу плат­­фор­масы әзірле­ніп жатыр. Саладағы қауым­дас­тықтар мен отандық өндірушілерге тауарларды сатып алу тетігін түсіндіру бо­йын­­ша кездесулер өтті. Ұлт­­тық жобаның негізгі ба­ғыт­тарын түсіндіру мақ­сатында өңірлерде көшпе­лі семинар-кеңестер жалға­сып жатыр. ЭКСЖ-ның жүзе­ге асы­рылу барысы modernization.kz сайтында және «Мод­ер­низация.Кз» Teleg­ram-ар­насында жария­ланып отырады.

Жобалық офис оты­рысын­да одан бөлек тұр­ғын үй-коммуналдық шар­уа­­шылық саласын цифр­лан­дыру, аспаптармен жаб­дықтау және жасанды ин­теллекті енгізу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зер­делеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиынды қорытын­дылай келе, вице-премьер Қанат Бозымбаев әкімдіктер мен салалық министрліктерге Ұлт­тық жоба аясында жүзе­ге асып жатқан барлық үдерістерді жедел аяқтау және өңір­лердің 2026–2029 жыл­дарға арналған қажет­тіліктерін айқындау жөнінде бірқатар тапсырма берді.