• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:07

Бәске тігілген самаурын

30 рет
көрсетілді

1896 жылы Ресейдің Тула қаласында Василий Баташевтің бу самаурын фабрикасынан шық­қан мыс самаурын Қарқаралы тарихи-өлкетану мұра­жайында сақтаулы.

Бұл құнды жәдігерді 2008 жылы қа­зақ­тан шыққан тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбайұлының туыстары музейге табыстаған. Самаурын Қоянды жәр­меңкесінен сатып алынған.

Жақып Ақбайұлы Қарқаралыдағы ауқатты татар көпесі Халиолла Бекметовтің қызы Гүлбаһарға үйленген. Сол заманғы байлар мен көпестер арасында қызықты дәстүр болған. Әркім өз самаурынының тез қайнауына бәс тігетін. Тіпті қағаз ақшаны суға тастап, қайнаған кезде шыға­рып алатын әдет те болған деседі.

«Музейдегі осы самаурын Халиолла Бекметовке тиесілі болған. Бір жолғы бәс кезінде дәл осы самаурын бірінші қайнап, келісім бойынша Қоянды жәрмеңкесінің бір жылға бас акционері атанған екен», дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Сәтбек Сламбеков.

Аталған тарихи жәдігер сол дәуірдің тұрмыс-тіршілігі мен мәдени өмірінен сыр шертіп тұр.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы