• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 07:50

Ең мықты «iPhone»

30 рет
көрсетілді

Apple компаниясы биылғы күзгі таныстырылымында жаңа өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Жыл сайынғы дәстүрге айналған жиында компания «iPhone 17» желісін, «Apple Watch», яғни ақылды сағаттың жаңартылған нұс­қасын және «AirPods Pro 3» құ­лақ­қаптарын та­ныс­­тырды.

Төрт түрлі смартфон қатарында ерекше көзге түскені – «iPhone 17 Air». Қалыңдығы небәрі 5,6 мм болатын бұл үлгі – Apple тарихындағы ең жұқа телефон. Оның корпусына титан мен алюминий қолданыл­ған, ал жұмысын қуатты A19 Pro процессоры атқарады. Бұл чип әлемдегі ең жылдам мобильді процессор ретінде сипатталып отыр. «iPhone 17 Air» бұрынғы модельдерден беріктігімен де ерекшеленбек. Сондай-ақ бұл смартфонда қос камера арқылы бір уақытта түсіру мүмкіндігі бар. Дегенмен корпус жұқалығына байланысты онда физикалық SIM картасына орын жоқ, тек eSIM қолданылады.

Айта кетейік, жаңа желіде төрт модель бар. Бұлар «iPhone 17», «iPhone 17 Air», «iPhone 17 Pro» және «iPhone 17 Pro Max».

Экран өлшемдері 6,3-тен 6,9 дюймге дейін. Барлық телефондар кемінде 256 ГБ жадымен жаб­дықталған. Негізгі үлгі бес түсте. Атап айтсақ, Air төрт түсте, ал Pro мен Pro Max үш түсті нұсқада қолжетімді.

Бұл құрылғыларда шыныдан жа­салған сымсыз зарядтау алаңы және булану камерасы бар сал­қындату жүйесі орнатылған. Ком­па­нияның айтуынша, бұл жүйе ойын­дар мен ауыр жүктемелер кезін­де өнімділікті 40%-ға арттырады.

Жаңа смартфондар 19 қыркүйек­тен бастап сатыла бастайды.