«Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» қағидатын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында учаскелік полиция инспекторлары 16 мыңнан астам үйді аралап, 205 саяжай мен 285 шаруа қожалықтарын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Аралауда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, әкімшілік қадағалаудағы, ерекше талап қойылған, әкімшілік қадағалауға формальді түрде жататындар, пробация есебіндегі жүздеген азаматқа қайта қылмыс жасамау бағытында профилактикалық шаралар жүргізілді.
Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторлары мыңнан астам тіркелген қару иелерін тексерді. Тексеру барысында тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы тәркіленіп, сақтау ережесін бұзған 2 қару иесіне қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Қоғамдық оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеудің шартты мен тәртібін бұзудың 4 дерегі анықталды.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.