Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында дамудың басым бағыттарын айқындап, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғыртуды тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде ерекше атап өтті. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Әлия Мұрзағалиева осы бастамалардың стратегиялық маңыздылығына қатысты пікір білдірді.
- Мемлекет басшысы Жолдауында инфрақұрылымды жаңғыртудың басымдығын ерекше атап өтті. Бұл бастама елдің ұзақ мерзімді дамуына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту тұрақты дамудың негізгі тіректерінің бірі екендігін әділ атап өтуі орынды. Инфрақұрылымды қаржыландыру - бұл тек экономикалық өсудің ғана емес, әлеуметтік саланың да іргетасы. Бүгінде мемлекеттік саясат өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруға, олардың салық базасын кеңейтуге және ағымдағы әрі инвестициялық шығыстарды сауатты жоспарлауға бағытталған.
Инфрақұрылым дайын болғанда, инвесторға жобаны жүзеге асыру - зауыт немесе басқа өндірістік нысан салу әлдеқайда жеңіл болады. Бұл жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін де аса өзекті: азаматтар жер алады, құрылыс бастайды, бірақ электр, су, газ сияқты негізгі жағдайлардың жоқтығына тап болады. Инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүйелі түрде іске асыру бұл процестерді халық пен бизнес үшін де жылдам әрі жеңіл етеді.
- Жолдауда сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды цифрландыру және ашықтықты арттыруға ерекше мән берілді. Сіздің ойыңызша, бұл шаралар мемлекет, бизнес және өңірлер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігіне қаншалықты ықпал етеді?
- Мемлекет басшысы цифрлық құралдардың тиімділікті арттырудағы маңызын орынды атап өтті. Цифрлық жүйелер арқылы қай жобаның қашан, қай жерде іске асатынын алдын ала көруге болады.
Бизнес үшін бұл аса маңызды: қатысу мүмкіндігін алдын ала жоспарлауға, бизнес-жоспар әзірлеуге, тауар мен қызметке деген сұранысты 2–5 жылға дейін болжауға болады.
Цифрлық платформалардың болуы да көп деңгейлі келісімдерді қажет етпейді, процестер әлдеқайда ашық әрі болжамды болады. Бұл өз кезегінде барлық тараптардың ресурстарын үнемдеуге және жергілікті деңгейдегі басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
- Президент «ақылды қалалар» тұжырымдамасын дамыту туралы айтты. Сіздің ойыңызша, бұл бағыт азаматтардың өмір сапасын арттыруға және инвестиция тартуға қандай артықшылық береді?
- Президент ұсынып отырған «ақылды қалалар» тұжырымдамасы қалалық ортаны жүйелі дамытуға жасалған маңызды қадам. Мұнда инженерлік желілерден бастап әлеуметтік нысандарға дейінгі барлық инфрақұрылым элементтері цифрландырылатын «цифрлық егіздер» жасалуы көзделген.
Бизнес үшін бұл техникалық шарттарды алу процесін жеңілдетеді, инженерлік жүйелерге қосылу мен жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді.
Халық үшін бұл өзекті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі: қандай нысандар салынып жатыр, қайсысы іске қосылады, қай жерде құрылыс жоспарлануда. Мұның бәрі кедергілерді азайтады, жобаларды іске асыру мерзімдерін қысқартады және қалалық ортаның дамуын анағұрлым ашық әрі болжамды етеді. Инвесторлар үшін мұндай тәсіл өңірдің дайындық деңгейін, тәуекелдердің аздығын және қажетті инфрақұрылымның бар екенін білдіреді.
- Президент мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайтуды да ерекше атап өтті. Жеке сектордың қатысуы қаншалықты маңызды? Бұл халықтың реформаға деген сеніміне қалай әсер етеді?
- Мемлекет басшысы жеке сектормен серіктестіктің маңыздылығын үнемі айтып келеді және оның белсенді қатысуына қолайлы әрі ашық жағдай қалыптастыруда. Бұрын бизнес жиі белгісіздікке тап болатын: тариф бекітіле ме, бюджеттен өтемақы қарастырыла ма, осының бәрі инвестициялық белсенділікті тежейтін.
Бүгінде нақты ережелер бекітілді, қаржыландыру көздері мен инвестициялардың қайтарымдылық тетіктері анықталды. Бұл жеке компаниялардың инфрақұрылымдық жобаларға кіруін айтарлықтай жеңілдетеді.
Бизнес үшін негізгі фактор - жобаның өзін-өзі ақтауы. Коммуналдық инфрақұрылым тұрақты сұраныс пен табыстылықты қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау болған жағдайда инвесторлар мұндай жобаларға қатысуға дайын. Бұл реформаларға деген сенімді күшейтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты етуге ықпал етеді.