• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 09:01

Джей Лоның концертіне ІІМ-нің бүкіл құрамы жұмылдырылып, көшелерді патрульдеуге адам қалмады – Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков

40 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, коммерциялық іс-шараларда тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін шамадан тыс тарту мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың айтуынша, соңғы айларда Қазақстан ірі концерттер мен спорттық матчтарды жиі қабылдап жатыр, бұл өз кезегінде ІІМ қызметкерлерін жаппай алаңнан аластатуға әкелуде.

«Мысалы, Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне шамамен 1300 полицей, ал Алматыда – 2240 полиция қызметкері, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылды. Соның салдарынан парадокс жағдай қалыптасады: жаппай шоу мен концерттерге бүкіл жеке құрам тартылады да көшелерді патрульдеуге адам қалмайды», – деді депутат Құспеков.

Олжас Құспеков мемлекеттік ресурстарды тиімді әрі мақсатты пайдалану қажеттігін атап өтіп, коммерциялық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін жеке секторға жүктеу қисынды екенін жеткізді.

«Бүгінде елімізде 4 мыңға жуық жеке күзет ұйымы жұмыс істейді. Онда 100 мыңнан астам кәсіби қызметкер бар, олар бұл міндетті өз мойнына алуға дайын», – деп қосты депутат.

Respublica фракциясының депутаттары мынадай ұсыныстар енгізіп отыр:

коммерциялық іс-шараларда қауіпсіздікті біртіндеп жеке күзет құрылымдарына беру; полиция күшін тек мемлекеттік және қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға пайдалану.

Бұл мәселенің өзектілігін 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы де айқындайды. Оны күзету үшін 2500-ден астам полицей және Ұлттық ұланның 300 әскери қызметкері тартылмақ.

«Біз жүйені қайта қарауымыз қажет: полиция – бұл мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігі үшін, ол концерттер мен жеке шараларды күзету үшін емес», – деп түйіндеді Олжас Құспеков.