• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:05

«Biken» театр фестивалі

30 рет
көрсетілді

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма ­театры 12 қыркүйекте 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Мерейтой аясында қазақ театр өнерінің дара тұлғасы, Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бикен Римова атындағы «Biken» ІІІ халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылады.

Бұл өнер мерекесі­нің не­гіз­гі мақсаты – театр ұжымд­ары арасындағы шығарма­шы­лық байланысты арттыру, кәсіби ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар фес­тиваль қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған Бикен Римованың есімін мәңгі есте қалдыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, аталған іс-шара жас режиссерлер мен актерлердің, драматургтер мен суретшілердің жаңа буы­нын қолдап, олардың кәсіби дамуына серпін береді.

Халықаралық деңгей­дегі фестиваль 12–17 қыр­кү­йек аралығында Талды­қорған­да өтеді. Үшінші рет жалауын көтер­гелі отырған өнер дода­сы­­на Грузия, Қыр­ғызстан, Өз­бек­стан және еліміздің түк­пір-түкпірі­нен кел­ген тоғыз театр ұжы­мы қаты­са­ды. Бұл қатысушы­­лар шығар­­ма­шы­лық ізде­ніс­тері мен ­тың қойы­лым­да­рын көпшілік­ назарына ­ұсынбақ.

Фестивальдің сыншылар алқасында елге танымал өнер қайраткерлері бар. Олар­дың қатарында Мемлекеттік сый­­лықтың лауреаты, Қыр­ғыз Республикасының еңбек сіңір­ген әртісі, режиссер әрі продюсер Досхан Жолжақсынов, театр­танушы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының профессоры Меруерт Жақсылықова, Қазақстанның халық әртісі, режиссер-драматург Талғат Теменов, белгілі театртанушы, Татарстан Республи­ка­сы Мәдениет министрінің кеңесшісі Нияз Игламов, Шота Руставели атындағы Тбилиси мемлекеттік театр және кино университетінің профессоры, өнертану докторы Гиорги Цкитишвили бар.

Мерейтой аясында өте­тін бұл фестиваль елімізде ­театр өнерінің дамуына жаңа серпін беріп, халықара­лық деңгейдегі шығармашы­лық байланысты нығайтуға ықпал етпек.