Сол себепті 1993 жылдан бері Бангкокта арнайы дайындықтан өткен полиция жасағы бар. Олар тек тәртіп сақшылары ғана емес, қажет болса, ай-күні жеткен әйелді босандыра алады. Себебі жедел жәрдем кептелісте қалып қойғанда, полиция мотоциклмен жылдам жетіп, аналарға көмектеседі. Қазіргі таңда жүздеген сәби осындай «жолдағы перзентханада» өмір есігін ашқан.