Қостанай облысында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 22 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Оның 19-ы ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Мәселен, Әулиекөл ауданында аталған қаражат есебінен Көктал, Новоселовка, Первомайск, Юльев ауылдарына су құбыры тартылып жатыр. Нәтижесінде, бұл ауданның 2 мыңға жуық тұрғыны жыл аяғына дейін сапалы ауыз суға қол жеткізбек.
Жобаның іске асырылу барысын және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын облыс прокуратурасы тікелей бақылауына алған.
Қостанай облысы