• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Бүгін, 12:50

Елімізде жетекші шетелдік университеттердің 24 филиалы ашылған

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында өңірлік білім беру хабын құру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, елімізде Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің жетекші шетелдік университеттерінң 24 филиалы ашылған. Бұл қазақстандық жастарға шетелге шықпай-ақ озық білім алуға мүмкіндік береді. Білім беруді технологиялық жаңғыртудың негізгі элементі ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған AI-Sana бағдарламасы болып отыр. Оның мақсаты – студенттерге жасанды интеллекті технологияларын жаппай оқыту.

«Бағдарлама жүзеге асып жатқан 5 айда біздің студенттер ендігісі 119 жасанды интеллекті агентін құрды, тағы 395-і әзірленуде. Нәтижесінде 20 университетте ЖИ, машиналық оқыту және киберқауіпсіздік саласында 25 түбегейлі жаңа білім беру бағдарламасы ашылды», деді министр.

Технологиялық егемендікті қамтамасыз ету үшін осы салада қуатты инфрақұрылым құрылады, оның ішінде 42 PFlops суперкомпьютерлік кластері бар. Жасанды интеллект бойынша курстар қазірдің өзінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарында міндетті пәнге айналды, бұл IT-мамандар мен ғылыми кәсіпкерлердің жаңа буынын даярлауға негіз қалайды.

«Екі жыл бұрын біз Coursera корпорациясымен арнайы келісімге қол қойдық, соның арқасында біздің 95 университет осы платформадағы курстарға тегін қол жеткізді. Осы уақыт ішінде студенттер 350 мыңнан астам сертификат алып, 2,5 млн сағатқа жуық онлайн-курстардан өтті. Осы жүйелі жұмыстың арқасында Қазақстан биыл өте беделді болып саналатын Coursera халықаралық сыйлығының лауреаты атанды», деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.