• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі 04 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында синтетикалық есірткі таратқан әйел қамауға алынды

200 рет
көрсетілді

Құлсары қаласында синтетикалық есірткі таратып жүрген әйелден 50 түйіншекке салынған есірткі тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облыстық полиция депараментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен Жылыой ауданының тұрғынын ұстаған.

«Құлсары қаласында есірткі заттарын таратумен айналысқан күдіктінің жеке басын, уақытша жалдаған пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 0,75 граммды құрайтын ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 45 орама табылды. Күдіктінің өзі жасырған 5 орама тәркіленді. Оның салмағы 38,7 грамм болатын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Ал күдіктіні күдікті қамауға алынған.