• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экспорт Кеше

Қазақстан сиыр етін экспорттауға квота енгізді

30 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті. Жиында ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау мақсатында сиыр етін шетелге шығару көлеміне уақытша шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Квота ірі өндірушілерге қолданыстағы келісімшарттарды орындауға мүмкіндік беріп, экспорттық нарықтарды жоғалтпауға жағдай жасайды. Бұл бастама Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

Сонымен бірге Қазақстан аумағынан автокөлік және теміржол арқылы бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды. Мұндай шаралар ішкі нарықты отынмен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы қаңтардан бастап жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, дизель отыны, газойльдар, толуол, ксилол және мұнай битумын ЕАЭО аумағынан тысқары экспорттауға тыйым салудың мерзімі тағы алты айға ұзартылатын болды.