• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Қытайда жер сілкінді

30 рет
көрсетілді

Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 12:15-те (Астана уақыты) Қытай аумағында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болған.

Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісінің қуаты 4,6 балға тең. Картадағы көрсетілімге сай, зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 436 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеген.

Айта кетейік, бұған дейін, 2 қыркүйек күні Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі де Қытай аумағында, қаладан 319 шақырым қашықтықта болған.