• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Кеше

Цифрландырудың нәтижесінде бюджеттен 13 млрд теңге үнемделді

40 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға айрықша назар аударуды тапсырды. Президент «Электронды үкімет» платформасына ЖИ технологияларын барынша енгізу қажеттігін атап өтіп, бұл бағытты экономикалық өсімнің басты драйверіне айналдыруды міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2021 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ауқымды цифрлық трансформация аясында Қазақстан Республикасы министрліктерінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық кедергілерді азайтуға, сондай-ақ азаматтар мен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдер кешені енгізілді.

Бұл көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарып, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Енгізілген шешімдердің жалпы тиімділігі 51,3 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 20 есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлық және әкімшілік кедергілер төмендеді.

Клиентке бағдарланған, ашықтық, тиімділік және барынша автоматтандыру қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың платформалық моделі енгізілуде. Қызмет көрсету процесінде азаматтың қатысуын барынша азайтатын проактивті қызмет көрсету механизмдері іске қосылды.

Цифрлық үкіметті қолдау орталығы құрылды, сондай-ақ Цифрлық үкімет офисімен бірлесіп бизнес-процестерді реинжинирингтеу тәжірибесі енгізілді. Бұл тиімді шешімдерді талдауға, қайта жобалауға және ауқымдауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан цифрландыру бойынша әлемдегі 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Қазір мемлекеттік қызметтердің 92%-ын онлайн алуға болады», деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.