Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін мәлім болғандай, Ауғанстанның шығысында болған алты балдық жер сілкінісінен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2 800 адам түрлі жарақат алды.