• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:40

Әріптестік қатынасты нығайту қадамы

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті.

Парламент делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов әріптестерін Парламенттің қос палатасы депутаттары сайлауының сәтті өтуімен және жеке Рустами Эмомалиді Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтады.

– Біздің елдерімізді ғасыр­лар бойы қа­лыптасқан бауырлас­тық, дос­тық және ын­тымақтас­тық байланыс­­тыра­ды. Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Прези­денті Эмомали Рахмонның тұрақ­ты кездесулері екіжақты ынты­­мақтас­тықтың дамуына ерекше серпін беріп отыр. Бүгін­де қарым-қатынасымыз ең жоғары – одақтастық деңгейі­не көтеріліп келеді. Осы орайда көшбасшыларымыз қол жет­кізген барлық келісімнің жүзе­ге асуы және халықтарымыз ара­сындағы достықтың нығаюы үшін біздің парламенттерге берік заңнамалық негіз қалыптас­тыру міндеті жүктеліп отыр, – деді Мәжіліс төрағасы.

Тараптар парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мен нығайту болашағын талқылады. Спикерлер көп­жақты алаңдардағы ықпалдастық пен достық топтары аясындағы өзара іс-әре­кет­ке айрықша назар аударып отыр. Сон­дай-ақ депутаттар заң шыға­ру саласын­да тәжірибе алмасуды тереңдетуге қатысты бірқатар мәселені ортаға салды.

Әңгіме барысында цифрлық инновацияларды дамытуға да баса көңіл бөлінді. Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаттары осы бағытта тәжірибе бөлісуге дайын екенін айтты. Осы ретте Қазақ­стан БҰҰ-ның Электронды үкіметті дамыту индексі бойынша (24-орын) алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарында екенін атап өтті. Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі. Ал Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен Цифрлық кодекс бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тәжікстан Парламентінің депутаттары Қазақстандағы әлеу­меттік саладағы реформа­ларға да қызығу­шы­лық танытты. Мәжіліс спикері 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын едәуір жақсар­туға мүмкіндік бергенін, сондай-ақ педагогтердің қоғамдағы беделін арттыруға қатысты Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің әрі қарай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Өз кезегінде Рустами Эмомали қазақстандық тарап­қа қонақ­жайлық танытқаны үшін алғысын білдіріп, қазіргі уақыт­тағы парламентаралық ынтымақтастықтың рөлі ерекше екенін атап өтті.

– Қазақстанмен екіжақты қатынас­­тарды дамыту – Тәжік­стан­ның сыртқы саясатындағы басым­дықтың бірі. Бұл өзара түсіністік, құрмет, сенім және жасампаз әріптес­тікке ұмтылу сияқты көне дәстүр­лерге негізделген. Сонымен қатар Қазақстан мен Тәжікстан пар­ла­менттері арасындағы байланыс­тар тиімді парламентаралық іс-әрекет­тің үлгісі деуге болады. Осы орай­да біздің парламентаралық ықпал­дастығымыздың жыл сайын кеңе­йіп келе жатқаны қуантады, – деді Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы.

Рустами Эмомали сондай-ақ сауда-экономика бағытындағы өзара іс-әрекет, инвестициялық қызмет, инно­вациялар, ауыл шаруашылығы және мәдениет сияқты салаларда екі ел ара­сын­дағы ынтымақтастықты арт­тыру­дың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар бұл ресми сапар екі ел мен халықтарымыз ара­сындағы қарым-қатынасты нығайтудың тағы бір нақты қадамына айналатынына сенім білдірді.