• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Театр Бүгін, 08:00

Тарихи қойылым

40 рет
көрсетілді

«Астана Балет» театрының ХІІІ маусымының шымылдығы «Бейбарыс сұлтан» спектаклімен ашылады. Тарихи-драмалық шығарманы тамашалаған көрермен көркем хореография өрнегі, музыка мен өткен дәуір атмосферасы үйлесім тапқан туындыға куә болады.

«Бейбарыс сұлтан» – ас­таналық театр афишасында­ғы сәтті спектакльдердің бірі. Онда авторлар жоғары билік­ке қол жеткізудің артында не тұрғаны, кейіпкердің таққа жайғасу үшін және билікті уысында ұстап қалу үшін қандай құрбандыққа баратыны туралы ой толғайды. Байтақ даланың бейнесі және Отанға деген сағыныш спектакльдің лейтмотивіне айналды. Қойылымды қоюға талантты өнер қайраткерлері – композиторлар – Хамит Шаң­ғалиев пен Әлібек Әл­пиев, либретто авторы – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков, суретші-сценограф – Леонид Басин, костюм суретшісі – Ася Соловьева, жарық суретшісі – Арсения Сафиуллина қатысты.

«Біз жаңа маусымның ашылуына дайындық үстіндеміз, театрда жұмыс қызу жү­ріп жатыр. «Бейбарыс сұлтан» балетінің репетициясымен қатар, жаңадан қосылған жас әртістердің спектакльге қо­сылуы да қатар жүріп жа­тыр. Бейбарыстың басты партиясын жетекші солистер орындайды. Солардың қатарындағы Сүн­дет Сұлтанов пен Ерқанат Ер­мағамбет үшін бұл дебют бол­мақ», дейді театрдың көр­кем­дік жетекшісі Нұрлан Канетов.

Өнер ұжымы қыркүйек айында гастрольдік бағ­дар­ламасын жоспарлап отыр.­ 12–14 қыркүйек ара­лы­ғын­да Қостанай тұрғындары «Кар­­мен-сюита» және «Тағдыр бұлтарыстары» бір актілі ба­лет­терін, сондай-ақ «Ұлы дала мұрасы» ұлттық дивертис­мен­тін тамашалайды. Ал 20 қыркүйекте 19 жылын балет сахнасына, оның 8 жылын біздің театрымызға ар­наған Фархад Буриевтің бенефисі өтеді. 27 қыркүйек­те симфониялық оркестр «Есімдер. Double Concerto» кон­цертін қояды.