Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Үндістаннан келетін кейбір тауарларға кедендік мөлшерлемені 25%-дан 50%-ға дейін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Мұның негізгі себебі – Үндістанның Ресей мұнайын ірі көлемде сатып алуы болып отыр. Ақ үйдің пікірінше, бұл сауда саясаты халықаралық санкциялық режімді бұзып, батыс елдерінің, әсіресе одақтастардың, энергетикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Бұған дейін екі ел өкілдері бес раунд келіссөз жүргізгенімен, нақты компромисске қол жеткізе алмаған. Бұл жағдай АҚШ пен Үндістан арасындағы сауда қатынастары мен энергетикалық саясатқа қатысты шиеленістің жаңа кезеңін көрсетіп отыр.