• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:03

Меморандумға қол қойды

20 рет
көрсетілді

Ұлттық кітапханада Малайзияның Селангор штаты делегациясымен кәсіби және мәдени ынтымақтастыққа арналған ресми кездесу өтті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құ­жат­тама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рус­там Әли мемлекет тарапы­нан кітапхана саласы­на жүйелі қолдау көрсе­тіле­тінін, сондай-ақ, ми­нис­трлік­ке қарасты кітап­хана­ларды модернизациялау мен олардың дамуына баса мән берілетінін атап өтті.

Селангор штатының Бас министрі Амирудин бин Шари Қазақстанмен мәдени байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Ол ислам мұрасын зерттеу аясында Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін малай тіліне аударуға ықылас танытты. Сонымен бірге балалар кітапханаларының әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып отырғанын айтты.

Селангор Қоғам­дық кітапханасы кор­по­ра­ция­сының директоры Мас­тура бинти Хаджи Мухам­мад пен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық кітапха­на­сының дирек­то­ры Ғазиза Құдай­берген ­өз­а­ра серіктес­тікті дамытуға ба­ғытталған ме­мо­рандумға қол қойды.

Кездесу барысында та­­раптар цифрландыру, тә­жі­рибе алмасу, жаңа сер­вистер енгізу мәселе­ле­рін талқылады.