• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:00

«Mongol Rally» Өскеменде мәреге жетті

30 рет
көрсетілді

Шытырман оқиғаға толы сапардың мәресі Өскеменде сызылған. Сонау Еуропадан ескі-құсқы көлікпен жолға шыққан «Mongol Rally» қатысушылары күні кеше діт­деген жерге жетті.

Бұл марафон 13 шіл­деде Че­хия астанасы Прагадан бас­тал­ған. Қатысушылар бір жарым ай ішінде Аустрия, Мажарстан, Түркия, Грузия, Әзербай­жан және Орталық Азияның бірнеше елін кесіп өтті. Сөй­тіп, Шығысқа жетіп, табан тіре­ген. Айта кетерлігі, мұнда қара­пайым шағын көлік­тер жарыс жолына шыққан. Қатысу­шылар тек ескі әрі көлемі шағын көлікпен жолға шығуға тиіс еді. Бағыт біреу болғанымен, жету жолын әркім өзі таңдады.

– Біздің көлік 1998 жыл­ғы. Біз оны жолға әбден да­йындадық. Соның өзінде түр­лі қиындық болды. Қан­шама қаланы басып өттік. Бай­қағанымыз, Қазақстан ерекше әсер қалдырды. Таби­ғаты әсем, хал­қы өте мейірімді. Маған ас мәзірлері қатты ұнады, – дейді нидерландық қатысушы Макс Бриман.

Еске салсақ, мұндай жарыс мә­ресі Өскеменде екінші рет ұйымдастырылды. Биылғы дода­ға отыздан астам елден жүз се­гіз команда қатысты. Олар­­дың ішін­де Нидер­ланд, АҚШ, Ұлы­британия, Кана­да, тіпті мұхит асып, Аустра­лия­­дан да келгендер бар. Жарыс жо­­лына ерлермен үзеңгі қа­ғыс­­­тыра нәзік жандылар да шықты.

Соның бірі – АҚШ намысын қорғап, саяхатқа шыққан Морей Мэдисон. Мамандығы – балабақша тәрбиешісі. Күн­делікті күйбең тіршіліктен сәл үзіліс қажет болған соң осынау сапарға шыққан.

– Қазақстанға алғаш ке­луім. Менің саяхатымдағы 32-ел. Әсіресе Астана қаласы қат­ты әсер қалдырды. Жолда көлі­гіміз бірнеше рет бұзыл­ды. Бірақ қазақ­стандықтар кө­мек­тесті. Жолай ұшырас­­қан эва­куатор жүргізушісі ­біз­­ді алыс­тағы қалаға тегін жет­кіз­ді. Қазақ­стан жүрегімде мәңгі қала­ды. Ал Астанаға міндет­ті түрде қайта ораламын, – деді Морей Мэдисон.

«Mongol Rally» қатысушы­ларын өскемендіктер құшақ жая қарсы алып, зор құр­мет көрсетті. Облыс басшысы Нұрым­­бет Сақтағанов та ша­раға арнайы келіп, саяхат­шылар­ды құттықтады.

 

Өскемен