Швейцариялық ерлі-зайыпты Шверер ширек ғасыр мұхитта өмір сүріп келеді. Олар осы уақыт ішінде алты бала сүйген. Кеменің аумағы небәрі 20 шаршы метр болғанымен, олар үшін осы өмір салты қолайлы болған.
Кемеде барлық жағдай жасалған. Қызығы, балалар құрлыққа шыққан кезде ғана мектепке барады, ал теңізде жүргенде қашықтан білім алады. Мұндай оқуға Швейцария заңдары рұқсат береді. Әрине, қиындықтар да кездескен. Кемелері бірнеше рет істен шығып, қарақшылардың шабуылына тап болған. Соған қарамастан, олар саяхаттарын жалғастырып келеді.