• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:23

Қарағанды облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

10 рет
көрсетілді

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысының тұрғыны есірткі тасымалдау кезінде қолға түскен, деп жазады Egemen.kz.

35 жастағы азамат 5 грамм гашишті өткізбек болған. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленген. 

Сонымен қатар, айғақ ретінде электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті қамалған. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілген.