Кейде қарапайым ғана дүниені өзіміздің қорқынышымызбен күрделендіріп аламыз. Ал егер оған жеңіл қарасақ, нәтижесі таңғаларлық болуы мүмкін. Мұның айқын дәлелі – АҚШ математигі Джордж Данцигтің бастан өткерген оқиғасы.
Аспирант кезінде ол сабаққа кешігіп келіп, тақтадағы екі есепті үй жұмысы екен деп ойлапты. Бұл математикалық теңдеу әдеттегіден қиындау көрінгенімен, Данциг бірнеше күн ішінде әлгі есепті шығарып тастайды. Кейін белгілі болғандай, ол қарапайым тапсырма емес, статистика саласында «шешілмейді» деп келген күрделі есепті орындап шыққан екен.