• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағзым Бүгін, 08:23

Бейнелеу өнерінің бірегейі

20 рет
көрсетілді

Ұлттық бейнелеу өне­рінің көрнекті өкілінің бірі, Мем­лекет­тік сыйлықтың лауреаты Ағым­салы Дүзелханов жетпіс төрт жасын­да дүниеден озды.

Киелі Сыр бойында өмірге келген қылқалам шебері жас кү­ні­­нен бейнелеу өнеріне ынтық бол­­ды. Алматыдағы көркем­су­рет учи­лищесін аяқтағаннан ке­йін, білімін одан әрі В.И.Сури­ков атындағы Мәскеу мемлекет­тік көркемсурет институтында ­жал­ғастырды. Сонда оқып жүріп, бірегей өнер тарландарынан тәлім алды.

Талантты суретші бейне­леу өнерінің барлық жанры­на қалам тербеді. Әсіресе А.Дүзелханов кескіндеме жанр­ында ерекше қолтаңбасын қал­дырды. Ол «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көр­оғлы», «Оғыз хан» атты туын­ды­­ларымен ұлттық бейнелеу өне­рінің қазынасын байытты. Сондай-ақ «Қорқыт», «Абылай хан», «Әбілқайыр хан», «Төле би», «Қазыбек би», «Әйте­ке би» атты портреттері арқылы тарихи тұлғалардың бейне­сін тірілтті. Ал «Тұмар патша­йым», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Айман-Шолпан» атты картиналарымен қазақ аруларының сұлулығын айшықты көркемдеді.

Көрнекті кескіндемеші отан­дық кітап иллюстрация саласын дамытуға да сүбелі үлес қос­ты. Өнер майталманы көзі тірі­сінде тарихи, фольклорлық тақы­рыптар мен балаларға арнал­ған екі жүзден астам кітап пен әлеу­меттік және тарихи тақы­рып­тағы елуден аса плакатты әсем безендірген. Қаншама шәкірт тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз болды. Профессор атанды. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап графикалық өнер техникасы бойынша оқу-әдістемелік құралын жазды.

Бүгінде Ағымсалы Дүзел­ханов­тың тарихи туындылары ел Президентінің резиденция­сында, сондай-ақ жоғары мем­­лекеттік мекемелердің төрі­нен орын алған. Бірқатар шығар­ма­лары еліміздегі музейлер мен ше­­телдегі мұражайларда сақ­тау­лы тұр. Біртуар шебер­дің есімі елімізге ғана емес, алыс-жа­қын шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Осы ғасыр басында әлем­нің 100-ден астам елінен келген суретшілер қатысқан БҰҰ Нью-Йоркте (АҚШ) ұйым­дастыр­ған «Глобал Арт-2000» халық­ара­лық көрмесінде топ жа­рып, дүние­жүзінің үздік 33 қыл­қалам ше­берінің қатарына енді.

Міне, осындай отандық бейнелеу өнеріне өлшеусіз үлес қосқан талантты тұлға бабалар кеткен мәңгілік жолға бет бұрды. Бірақ оның ғажайып шығармалары бар да айтулы қылқалам шеберінің есімі ешқашан ұмытылмайды.