• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 08:00

Жүзжылдық тарих айнасы

30 рет
көрсетілді

Ғасырдан астам тарихы бар «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігі мерейтойын ерекше форматта атап өтті. Фотокөрмеге агенттіктің қорынан алынған сирек кадрлар қойылып, жұртшылық өткен дәуір тынысымен танысуға мүмкіндік алды.

«Kazinform» агенттігінің 105 жылдығына орай ұйым­дас­­ты­рылрған көрмеде өт­кен ғасырдың 30-жыл­да­р­ы­нан бү­гінгі күн­ге де­йін­гі ел өмі­ріндегі маңыз­ды оқи­ға­ларды тү­сір­ген агент­тік тілші­лерінің біре­­гей мұ­рағат­тық және экс­клю­зив­ті фотос­у­рет­тері қо­йыл­ған. Көп­­те­ген фото­сурет алғаш рет қа­лың оқырманға ұсынылды.

Көрме материалы алты бө­­лімнен тұрады: 1928–1959 жыл­­дардағы және Екін­ші дү­­ние­­­жүзілік соғыс кезін­­дегі Қа­­зақстан; 1960–1985 жыл­дар­­дағы ірі құрылыс жобала­ры, қала­лар мен аудан­дар­дың экономи­ка­лық дамуы; Алматы мен Аста­на­ның кейін­гі 40 жыл­дағы шежі­ресі; әлеу­мет­тік-мә­дени өзгеріс­тер; сондай-ақ мем­­лекеттің даумына үлес қос­­қан көрнекті тұлғалар портрет­тері.

«Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан көрменің басты ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, мұнда қатталған суреттердің біразы халық назарына алғаш рет ұсынылып отыр. «Кейін­гі екі жылда Ресей мен Қазақ­стан мұрағаттарында ауқымды ізденіс жұмысы жүргізіліп, он мыңнан астам фото мен құжат жиналды. Бұл – суреттер ғана емес, еліміздің кейінгі жүз­жылдық тарихының айнасы. Көрмеде соғыс пен соғыстан кейінгі кезеңдер, индустрияландыру жылдары, тәуелсіздік дәуірі, Алматы мен Астананың құрылыс сәттері, елге еңбегі сің­ген адамдардың бұрын-соң­ды жарияланбаған сурет­тері бар», деді ол.