• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық 20 Тамыз, 2025

Павлодарда қайтыс болғаннан кейінгі донор екі адамның өмірін сақтап қалды

30 рет
көрсетілді

Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханада 44 жастағы тұрғынның қайтыс болғаннан кейінгі донор болуына байланысты көп ағзалық трансплантация отасы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Бұл операция республикалық деңгейде үйлестіріліп, арнайы мамандардың қатысуымен өтті. Донордың жүрегі мен бүйректері екі түрлі пациентке ауыстырылып, олар өмірлік маңызды медициналық көмекті дер кезінде алды.

Ағзаларды алу мен жеткізу процесіне Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен «UMC» корпоративтік қорының трансплантолог-дәрігерлері қатысты. Науқастар – ағзаны күту парағында тұрған азаматтар – бірден республикалық тіркелім арқылы анықталып, операция шұғыл жасалды.

Бұл жағдай Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық пен трансплантология саласының маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Донор болған азаматтың туыстары келісім беріп, екі адамның өмірін сақтап қалуға себепкер болды.

2025 жылғы 10 тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде трансплантацияны күтіп жатқан адамдар саны 4 384-ке жетті. Олардың арасында:

3 890 ересек пен 90 балаға бүйрек, 201 ересек пен 21 балаға бауыр, 25 ересек пен 2 балаға өкпе, 143 ересек пен 6 балаға жүрек, 4 ересек пен 2 балаға жүрек-өкпе кешені қажет.

Бұл деректер Қазақстанда ағза донорлығына деген қажеттілік жоғары екенін және бұл бағыттағы мәдениетті дамыту маңызды екенін көрсетеді.