• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 10:36

Ауылдарда 538 жаңа медициналық нысан салынды

20 рет
көрсетілді

Президенттің тапсырмаларына сәйкес елімізде медициналық инфрақұрылымды жаңартуға және емдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде әлемнің жетекші медициналық орталықтарымен қатар қоятын бірегей операциялар жасалып жатыр. Жүрек пен өкпені трансплантациялау, сондай-ақ бүйректің үшжақты айқаспалы трансплантациясы сияқты аса күрделі операциялар жасалады. Қазақстан осындай операциялар орындалатын әлемдегі алты елдің қатарына кіреді.

Ми ауруларын емдеу тұрғысында «Гамма-пышақ» технологиясы қолданылса, онкологиялық дерттерге қарсы заманауи протондық терапия енгізіліп жатыр.

Инфрақұрылымды жаңарту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп отыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 655 нысанның 511-і салынды.

«Бұл нысандар бұрын медициналық объектілермен қамтылмаған ауылдарда, сондай-ақ ескірген және бейімделмеген үй-жайлардың орнына салынып жатыр. Бұл орталықтар 1 миллионға жуық ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтиды», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

36 облыстық аурухана мен 17 перинаталдық орталыққа жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар бөлімшелеріндегі төсек-орын қоры 38%-ға ұлғайды. Шамамен 2,1 мың бірлік медициналық жабдық сатып алынып, соның нәтижесінде жарақтандыру деңгейі 86%-ға (62%-дан) дейін өсті.