• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 12:17

Елімізде мал азығын әзірлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

20 рет
көрсетілді

Қысқы маусымға дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Бүгінде 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалған, деп жазады Egemen.kz. 

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 19,5 млн тонна шөп (жоспардың 79,6%-ы), 1,5 млн тонна пішендеме (89,2%), 620,8 мың тонна құрамажем (11,1%), 1,28 млн тонна сабан (27,6%), 367,1 мың тонна сүрлем (18,1%) дайындалған.

Жоспардың орындалу тұрғысындағы белсенді жұмыс – Қостанай (98,0%), Ақмола (96,5%), Солтүстік Қазақстан (106,7%), Павлодар (91,1%) облыстарында, Жетісу облысында (91,0%), сондай-ақ Шымкент қаласында 100% көрсеткіштерімен байқалған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.