Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысында жұртшылықпен кездесті.
Тұрғындармен жүздесу барысында министр елімізде Мемлекет басшысының реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыт бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.
Сонымен қатар Аида Балаева жергілікті жұртшылықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындар ұсынысын тыңдады.
Бұдан бөлек, министр азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, БАҚ өкілдерімен кездесті.