• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 21:51

Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

20 рет
көрсетілді

Бүгін, 14 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.

Кездесу барысында министр жергілікті жұртшылықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. 

Одан бөлек, Аида Балаева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, БАҚ өкілдерімен кездесті.