Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін, 2025 жылғы 14 тамызда, халықпен кездесу барысында LRT-де жүрудің алдын ала құнын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала басшысының айтуынша, жоба аясында бір реттік жолақы 200 теңгеге дейін болуы көзделген, ал түпкілікті тариф кейін анықталады.
Қала әкімі қыркүйекте сынақ режимінде алғашқы құрамдарды іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты.
«Сынақ нәтижелері бойынша оның қашан толық пайдалануға берілетіні белгілі болады. Әдетте сынақ режимдері үш айдан алты айға дейін жалғасады», деді Жеңіс Қасымбек.