• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:24

Атырауда 41 жастағы ер адам көпірден секіруге оқталған

30 рет
көрсетілді

Оны жергілікті үш полицей құтқарып қалды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 тамызда сағат 15:26 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау қаласында ер адам көпірден секірмек болды. Бұл туралы хабардар болған №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мирас Өтепов оқиға орнына жедел жетіп, ер адамды ұстап қалды. Оны қауіпсіз жерге шығаруға полиция қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Фархат Базарбаев көмек көрсетті», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құтқарылған  адамның көпірден секіруге оқталу себебі әзірге белгісіз. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.

«Ол жедел-тергеу тобына тапсырылды. Аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.