• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құқық Бүгін, 08:50

Қоғам сенімін күшейту маңызы

20 рет
көрсетілді

Сот орындаушыларының жұмысын тиімді ету – құқық қорғау саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Сенатор Евгений Больгерттің Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басшылығымен кездесуі барысында осы мәселе әңгіме арқауына айналды. Ал депутат Қайрат Тастекеев Семей қаласындағы Медициналық университет госпиталімен танысты.

Сот орындаушыларының жұмысын арттыру цифрландыру, кәсіби біліктілікті арттыру және жауапкершілікті күшейту арқылы жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар осы саланы реттейтін заңнаманы жетіл­діру, мамандарды даярлау мен іріктеу мә­се­лелеріне де ерекше назар аударылмақ.

Е.Больгерттің айтуынша, жеке сот орын­даушылары жүйесі әділдікті қамта­ма­сыз етуде және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Депутат қазіргі таңда сот орындаушыларына қойылатын кәсіби талаптарды арттырып қана қоймай, олардың жұмысына қоғамның сенімін күшейту де аса маңызды екенін жеткізді.

«Жеке сот орындаушыларының жүйесі ашық, тиімді және азаматтар­дың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Кәсіби стандарттарды көтеру, халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және жауапкершілікті арттыру бағытында нақты қадамдар қажет. Тек осылай ғана біз қоғамның сенімін нығайтып, сот шешімдерінің әділ орындалуын қамтамасыз ете аламыз», деді сенатор.

Ал Сенат депутаты Қ.Тастекеев Семей қаласындағы Медициналық университет госпиталінің жұмысы, жаңа ангиографтың мүмкіндіктері және бұл құрылғының пациенттерді диаг­ностикалау мен емдеудегі маңызымен таныс­ты. Медициналық персоналмен кездесу бары­сында парламентші Сенаттың заң шы­ғару қызметі және медицина қыз­мет­керлерінің құқықтары мен қауіпсіздігін күшейтуге бағыттал­ған жоспарланған түзетулер туралы ақпарат берді.

Бұған қоса, сенатор «Amanat» партия­сы облыстық филиалының төрағасымен кездесіп, өңірлік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, олардың тұрғындар үшін маңызы, өзекті мәселелер және алдағы даму жоспарлары жөнінде пікір алмасты. Депутат өңірдің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы, халық­тың әл-ауқатын арттыру және инфрақұры­лым­дық жобаларды тиімді іске асыру – негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті.