• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 09:58

Қазталовта әскери-тактикалық оқу-жаттығу басталды

20 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында 11 тамыз күні аумақтық әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Ол 20-тамызға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға Жәнібек және Қазталов аудандарынан әскери міндетті 206 азамат тартылған. Қазталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың айтуынша, бұл шара ел қорғанысын нығайтып, жастардың бойында патриоттық рухты көтеру мақсатында өткізіліп отыр.

- Бүгін  ауданымыз үшін ерекше мәнге ие шара басталды. Аумақтық әскери-тактикалық оқу-жаттығу – бейбіт күнде де ел қорғанысын ойлайтын, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға дайын азаматтардың бірлігін, ерік-жігерін, кәсіби даярлығын шыңдайтын маңызды кезең. Мемлекет басшысы атап өткендей, ел қауіпсіздігі – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі жаттығулар тек әскери машықты жетілдірумен шектелмейді, ол – біздің ортақ Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біз бейбіт өмірдің бағасын білеміз. Бірақ бейбітшілікті сақтау – күшті қорғаныс қабілетіне, мықты рух пен темірдей тәртіпке негізделеді. Ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды». Бұл сөз – әрбір сарбаздың жадында берік сақталуы тиіс өсиет, – деді аудан әкімі.

Оқу-жаттығу кезінде әскери міндетті жастар әскери білімін жетілдіріп, тактикалық машығын шыңдайды және төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау қабілетін арттырады.

Жиынға қатысушылар ауылдық округтерден аудан орталығына жеткізілген. Қорғаныс ісі жөніндегі бөлім арқылы барлық ұйымдастыру жұмысы үйлесіп жатыр. Толық құрам қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.