Сала министрлігі спортшылардың жетістіктері жөнінде апталық шолу-мағлұмат жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Мәнерлеп сырғанау: Cranberry Cup International 2025 Челленджер (АҚШ-тың Норвуд қаласы) турнирінде Софья Самоделкина 203,15 ұпаймен (65,80+137,35) күміс жүлдегер атанды.
Күрес: Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен ересектер арасындағы Германия Гран-приінде отандас балуандар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдармен жалпыкомандалық есепте топ жарды.
Әуесқой бокс: Бангкокта (Таиланд) Азия чемпионатында еліміздің жасөспірімдер (U-19) құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль иеленді.
Үстел теннисі: АҚШ-тың Спокане қаласында WTT Feeder халықаралық жарысында Зәуреш Акашева үздік үштікке енді. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге қола жүлде жеңіп алды.
Теннис: Болгарияның бас шаһары Софияда ITF Juniors J30 сериясында 16 жастағы отандасымыз Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды.