Алматы қаласының Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында асхана өртеніп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушылар қызыл жалын тұтанған аумаққа жедел жеткенде асхана өртеніп, от 20 тонналық екі контейнерге ауысқаны анықталған.
ТЖД мамандары 70 шаршы метр алаңды шарпыған өртті 30 минутта сөндіріп, кәсіпкерлердің мүлкін өрттен қорғап қалған.
Мамандар өртті сөндіру кезінде дрондарды пайдаланып, жалынның таралу ошақтары мен жоғары температура орындарын жылдам белгілеген. Өрт аумағынан екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған.
ТЖД хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.