• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:35

54 млн текше метрден астам су жіберілді

20 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау мақсатында су жіберу және табиғи шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберді.

«Қазсушар» РМК-дан алынған ақпаратқа қарағанда, Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 млн текше метр су, ал Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілді. Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарт жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су апаруға 72 келісімшарт жасалды.

«Табиғатты қорғау мақсатын­да су жіберу мен табиғи шабынд­ықтарды суару экология­лық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-кү­йін жақсартуға көмекте­седі. Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», деді БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директоры­ның міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.