• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным Бүгін, 08:30

«... Күлкі қымбат»

40 рет
көрсетілді

«Адам жылап туады, Жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, Өзгені де жылатып», депті ақын Қадыр Мырза Әлі. Бірақ бұл сөздің Абайдың нағашысына қатысы жоқ.

Өйткені Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан Тонтайдың барлық өмірі тұтас күлкі боп кеткен. Бірде қатты сырқаттанып, үшкіртуге тағы молда шақыртпақ болған бала-немерелеріне сол Тонтай: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас» деп өз бетін өзі жауыпты. Қалың қазақ ортасының үнемі көңілін көтеріп, айналасын думан-тойға бөлеп жүретін Абайдың нағашысы осылайша бақиға да күліп аттаныпты.