• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Абай Бүгін, 08:15

Ақынға арналған челлендж

20 рет
көрсетілді

Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ақын-ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай өлеңдері –әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж өтіп жатыр.

Аталған жобаның мақсаты – Абай мұрасын халық­аралық деңгейде кеңінен насихаттау және көпұлтты қауымдастық арасында қазақ мәдениетіне деген қызығу­шылықты арттыру.

Челленджге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілер, жетекші шетелдік ұлттық кітапханалар мен балалар кітапханаларының басшылығы, этномәдени орталықтар өкілдері, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдері ақын шығармашылығына деген құрметін білдірді.

Челлендж аясында Абай Құнанбайұлының өлеңдері қазақ, орыс, поляк, неміс, беларусь, армян, моңғол, үнді тілдерінде оқылды.