• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:00

Кино-күнделік

40 рет
көрсетілді

Абай тойы аясында Семей қаласының орталығындағы Арбатта «Aspan Сinema» атты кино көрсетілімнің онкүндігі жүріп жатыр.

Ашық аспан астын­дағы кинотеатр­дың кезекті күнінде белгілі актер, танымал режиссер Досхан Жолжақсы­нов пен жазушы, киносценарист Таласбек Әсемқұлов­тың «Құнанбай» көркем фильмі көрсетілді.

Алғаш 1945 жылы хакім Абайдың 100 жылдығында Алматы көркем және хроно­логиялық фильмдер студия­сы «Абай әндері» фильмін түсірген еді. Бұл туынды­ны сол кездегі Одаққа таны­мал режиссерлер – Григорий Рошаль мен Ефим Арон жа­рыққа әкелген. Сценарийін заң­ғар жазушы Мұхтар Әуе­зов жазған. Фильмде бас­ты ке­йіпкерді атақты актер Қа­ли­бек Қуанышбаев сомдаса, басқа рөлдерді Қапан Ба­ды­ров, Серке Қожамқұлов, Елу­бай Өмірзақов, Шәкен Айманов, Жағда Өгізбаев се­кілді өнер майталмандары ойнады. Ал 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы аясында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы желісімен режиссер Ардақ Әмірқұлов екі сериялы «Абай» көркем фильмін түсірді. Бас­ты рөлдерде Т.Жаманқұлов, Ғ.Тұрықбаев ойнаған.

«Іс-шараның мақсаты – ұлы ой­шылдың рухани мұрасын кеңінен насихат­тау, көрер­менге Абай шығарма­шы­лығын заманауи тәсілмен, яғни экран арқылы қайта таныту. Онкүндік аясында Абай рухын сездіру», дейді ұйымдастырушылар.

Кино көрсетілімнің он­күндік кестесіне сәйкес, 2-7 тамыз – «Абай жолы» теле­хикаясы көрсетілсе, 8 тамыз – «Көксерек» көркем фильмі, 9 тамыз – «Абайдың соңғы күндері» деректі фильмі, 10 тамыз – «Абай әндері» му­зы­калық фильмі көрсетіледі. Барлық кино ашық алаңда көрсетіліп, көрерменге тегін ұсынылып жатыр.

 

Абай облысы