Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып, Жұмабаев көшесінің қиылысында жолдан өтпек болған әйелді басып кеткен.
Жол апаты бүгін сағат 10 : 00 шамасында Жетісу ауданында болған.
«Алған жарақаттардан 1957 жылғы әйел оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.