• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Арпа экспорты екі есе артқан

40 рет
көрсетілді

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейінгі аралықта арпаның сыртқа жеткізілу көлемі 1,82 млн тоннаны құраған, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (+952,6 мың тонна). Осылайша еліміз арпа экспортын айтарлықтай арттырып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Нақты атағанда, Иранға 1,064 млн тонна арпа экспортталса (бұл өткен маусыммен салыстырғанда 30 есеге  артық), Қытайға – 414,4 мың тонна, Өзбекстанға –125,2 мың тонна жөнелтілген.

Экспортқа сұраныстың артуы ішкі нарықтағы бағаның өсуіне оң әсер еткен.  Егер 2024 жылғы қыркүйекте арпаның тоннасы 50-52 мың теңге деңгейінде болса, 2025 жылғы тамыз айының басында ол 85-87 мың теңге аралығында тұрақтаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Бұл ретте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 500 мың тонна бидай және 200 мың тонна көлеміндегі жемдік қор (бидай мен арпа) есебінен нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп отыр.

Астық бағасының өсуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызметіне оң әсерін тигізіп, шаруа қожалықтарының рентабельділігін сақтауға, фермерлердің қосымша қарызсыз ағымдағы шығындарын уақытылы өтеуіне, сондай-ақ шаруашылықты сақтау-дамыту инфрақұрылымына инвестиция салуына мүмкіндік береді.