• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:00

«Қазсушар» 524 арнайы техника алды

20 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі барлық өңірде «Қазсушар» РМК филиалдарын арнайы жаңа техникалармен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдыққа қол жеткізді.

Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалау мен гидротехни­ка­лық құрылыстарды жөн­деу­ге пайдалана бастады. Жалпы алғанда, «Қазсушар» филиалдарына барлығы 757 автокөлік пен құрал-жабдық беру жос­парланып отыр.

Министрлік ұсынған техникалар қатарында экскаватор, тиегіш, шынжыр табанды экскаватор, трактор, тіркеме, самосвал, тартқыш көлік, автокран, жанармай тасымалдағыш, қосалқы құрал-жабдық пен дизельді генераторлар бар.

«Жаңа техникалар вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне жағдай жасау үшін, соның қатарында каналдардың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында оларды тазалау жұмысына қолданылады. Қазір «Қазсушар» филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмысын жүргізуде, оның 780 шақырымында жұмыс аяқталды», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.