• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:45

Этномедиация – татулыққа бастар жол

40 рет
көрсетілді

Этномедиацияның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қақты­ғыстардың этносаралық қақтығысқа айналуына жол бермеу, этносаралық шиеленістің, алдын алу, татуластыққа қол жеткізу.

Сәуір айында өткен Қазақ­стан халқы Ассамблеясы­ның ХХХІV сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтара­лық келі­сім мен тұ­рақ­тылықты нығайту мем­лекеттік саясаттың бас­ты бағыттарының бірі еке­нін атап көрсете отырып: «Мәде­ниет және ақпарат, Ішкі істер, Әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен, Астана, Алматы, Шым­кент қалаларының және облыс­тардың әкімдерімен бірле­­сіп, Қазақстан халқы Ассам­блеясының этномедиация сала­сын­дағы жұмы­сына жан-жақты қолдау көр­сет­сін, «Елдесу және татуласу» жобасының ауқымын кеңейтсін», деп тапсырма берді.

Осы орайда Маңғыстау облысында этномедиация бағы­тын­да бірқатар жоба қолға алын­­ды. Солардың бірі – «Ассам­­блея. Парламент. Мәсли­­хат» жобасы. Бұл бойынша Маң­ғыстау облыстық мәсли­хаты Қазақстан халқы Ассам­­­блеясымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Аталған жоба аясында облыс, аудан, қала депутаттарынан ҚХА-ның депутат­тық тобы құры­лып, жоспарға сәйкес қабылдау­ жүргізіліп келеді. Қабыл­дауда депутаттармен бірге этномедиаторлар да жұ­мыс істейді. Себебі депутат­тар­дың қабылдауына арыз-ша­ғыммен келген тұр­ғын­дардың этнос­аралық қаты­настарға қатысы зерде­леніп отырады.

Тағы бір айта кетерлігі, биыл Ақтау қаласының түркі әлемінің мәдени астанасы болып белгіленуіне орай, Маңғыстау облысының этномедиациясын дамыту және шетелдегі әріп­т­естермен тәжірибе алмасу жұмыстары да жоспарланған. Бұл ретте Алматы қала­сында Ұлттық қауіпсіздік коми­теті академиясы базасында 2024 жылдың 23–27 желтоқсаны аралығында өткен курста 2 этномедиатор біліктілігін арттырса, 23–27 маусым аралығында тағы да 4 этномедиатор өз біліктілігін шың­дады. Одан бөлек, биыл тағы да этномедиаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында 28 шілде мен 8 тамыз аралы­ғында 30 этномедиатор жалпы және арнайы курстардан өтіп, «Пара­сат» медиация және құқық орта­лығының сертификатын алды.

ҚХА-ның 13 жобасының бірі – «Елдесу және татуласу» жобасы бойынша жер­гілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Осы орайда 23 мамыр күні Қазақстан халқы Ассам­блеясының 30 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, облыстық мәсли­хат және этномедиация кеңе­сінің төрағасы, Маңғыстау об­лыс­тық прокуратура, сот және білім басқармасы, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы, облыстық полиция департаменті, Маңғыс­тау облысы Қазақстан халқы Ассамб­леясының құрылымдары, этноме­диаторлар, мәслихат депутат­тары, саяси партиялар, Ассамблея жас­тары қатыс­қан дөңгелек үстел өткізіліп, Маңғыстау облыстық Этноме­диация кеңесі мен Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіп­кер­л­ер палатасының және «Қоғам­дық келісім» мекемесі мен облыстық білім басқарма­сы­ның арасында жасалған мемо­рандумдарға қол қойылды.

Әрине, Ассамблеяның барлық бағыты маңызды, себебі олардың әрқай­сы­сында халықтың тарихы, абыройы мен қадір-қасиеті көрініс табады. Ал этномедиаторлардың тарихи жадыны сақтаушы әрі келісім мен бейбітшілік мәдениетін қалыптастыра алатын, өткенді шынайы түсіну мен мәдени алуандылықты құрметтеуге негізделген дәнекер тұлғалар ретіндегі рөлі ерекше.

Президенттің «Басты міндет – Қазақстан халқының тату­лығы мен ауыз­бір­шілігін, мем­лекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту», деп атап көрсеткеніндей, Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы сессиясында берілген тапсырмаларды басшылыққа ала оты­рып, құқықтық мемлекет қалып­­тастыру, ағартушылық қызмет, қақты­ғыс­тардың алдын алу және әрбір азаматты қоғамдық келісімді нығайту үдерісіне тарту арқылы татулық пен ауызбірлік жолын­дағы қызметімізді жал­ғастыра береміз.

 

Жаңбырбай МАТАЕВ,

Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы, ҚХА медиация кеңесінің төрағасы