• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме 05 Тамыз, 2025

Ақынға арналды

80 рет
көрсетілді

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» атты авторлық көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – ұлы ойшылдың терең толғамдарын бүгінгі ұрпаққа көркем тілмен жеткізу. Атаулы экс­позицияға автор бір жарым жыл тың­ғылықты дайындалған екен.

– Экспозицияға бір жарым жыл дайындалдым. 58 жұмысымда ақын көтерген өзекті тақырыптарды бей­неледім. Әр туынды алдында Абай­дың қара сөздері мен өлеңдерін қайта оқып, мағынасына терең үңілдім, – деді Аңсаған Мұстафа.

Көрмеде ақыл, жүрек пен қайрат теңдігі, ар-ождан, еңбек, талап, мақтаншақтық пен рухани кемелдік секілді тақырыптар көркем образ арқылы өрілген. Әрбір туындының жанында Абай шығармаларынан алынған нақыл сөздер мен үзінділер ұсынылған.

Аңсаған Мұстафаның арт-пластика жанрындағы туындылары осы уақытқа дейін әлемнің 30-дан астам елінде өткен 155 көрмеге қатысқан. Олардың қатарында Корея, Түркия, Аргентина, Мексика, Италия, Франция, АҚШ, Жапония, Иран, Польша, Үндістан, басқа да мемлекеттер бар.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар