• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы өркендеп, қарқын ала түскенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, Сізбен қасиетті түрікмен жерінде, бауырлас Түрікменстанда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Шақыруыңызды шын ниетпен қабыл алдым. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен осындай форум өткізу – үлкен жетістік. Бұл 30 жылдан бері бейтарап саясат ұстанып келе жатқан Түрікменстанның халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді. Қазақстан аталған саясатты толығымен қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Халк Маслахатының төрағасы қазақ-түрікмен байланысының ерекше сипатына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы мен Халк Маслахатының төрағасы екі ел халқы достық пен тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.